Шерзат Болат ісінде сотталушының сыныптасы Еркебұлан Тоқтарбай сотта жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
1994 жылы туған куәгер Еркебұлан Тоқтарбай сотталушы Дархан Әскентайдың сыныптасы. Сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев мен Азамат Тоқтаубаев куәгер Еркебұлан Тоқтарбайдың жолдас баласы Нұрбол Мелісбектің інілері.
Еркебұлан Тоқтарбай іс бойынша жәбірленушілерді танымайтынын айтты. Ол тек Дархан Әскентайды 7 сыныптан бері таниды.
Дарханмен бір ауылда тұратындықтан, арасында кездесіп тұратынбыз. Қазан айының 3 күні болған күні сыныптасым Айдынның үйіне кешкі сағат 6-ларда жиналып, көлігімді жөндеуге келіскенбіз. Сол күні көлікті жөндеп жатқанда, кешкі сегіз шамасында Дархан келді. Бір кезде Дархан кетіп қалды, кейін он минут шамасында қайтып келді. Қолында 2 литр сыра болды. Артынан Айдын мен Дархан сыра ішіп алды. Көлікті жөндеп жатқанда Дархан қасымызда жүрді. Он жарымға үйде таман көлігімді жөндеп біттіп, сөйтіп қайтпақ болдық, - деді ол.
Тоқтарбай Дархан Әскентай келген кезде сау болғандай көрінгенін айтты.
Менделеев көшесіндегі дүкен жолдың бойында болған. Мен Дарханды сол жерге тастап кеттім. Маған ештеңе айтпады, тек «дүкен жақтан тастап кетші» деді, үйі сол жерде болатан. Көлікте сөйлесіп отырды, біреуден мың теңге көлемінде ақша жіберші деп отырды, - дейді Еркебұлан Тоқтарбай.
Куәгер оған ешкімнен сұрама деп, соған 1000 теңге өзі қолма-қол бергенін айтты.
Ол дүкеннің жанында болған оқиға туралы әлеуметтік желіден естігенін айтты.
Айыпталушылардың адвокаттарының бірі куәгерден Дархан Әскентайға мінездеме беруді сұрады.
Дархан сыныптасым болғандықтан жақсы танимын. Оның ешқашан ешкімді ренжіткенін көрмегенмін. Біреумен төбелескенін көрмегенмін. Дарханның бұрын сотталғанын білмеймін, - деді Тоқтарбай.