Шенеуніктерге мемлекеттік тілді меңгеруді міндеттеді

1 Маусым 2023, 01:25
1175
Бөлісу:
Шенеуніктерге мемлекеттік тілді меңгеруді міндеттеді
Фото: kenesh.kg

Қырғызстан Парламенті шенеуніктерге мемлекеттік қырғыз тілін міндетті түрде білуді талап ететін заң қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС-қа сілтеме жасап.

Депутаттар үшінші оқылымда Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы "Конституциялық заң жобасын қарап, қабылдады, — деді Парламент өкілі.

Жогорку Кенештің баспасөз қызметінің мәліметінше, заң мемлекеттік тілді қолданудың "құқықтық негіздерін" белгілеуге бағытталған. Енді барлық мемлекеттік қызметкерлер қырғыз тілін білуі керек, олай болмаған жағдайда қызметінен кетеді. Сонымен қатар, жергілікті телерадиокомпаниялар ақпараттың елу процентін қырғыз тілінде таратуы тиіс.

Өзгелердің жаңалығы