Шенеуніктер құмар ойынға 507 миллион теңге жұмсаған

24 Қараша 2022, 22:46
764
Бөлісу:
Шенеуніктер құмар ойынға 507 миллион теңге жұмсаған

Қазан айында БАҚ 305 қазақстандық шенеуніктің ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын хабарлаған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің екі қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҚМА Адам ресурстары департаментінің директоры Нұрлан Әдалиев бұл фактілерді барлық мемлекеттік органдар тексергенін айтты. Ол Қаржы мониторингі агенттігіне қатысты фактілерге егжей-тегжейлі тоқталды.

Шынында да, аталған шолуда бірқатар қызметкер атап өтілді. Бұл фактілердің барлығы тексерілді. Онда төрт қызметкер ресми іс-шараларға байланысты болған. Өздеріңіз білетіндей, бұл заңмен қарастырылған. Тиісті тергеу жүргіздік. Екі қызметкерге қатысты фактілер расталды. Бұл қызметкерлер қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту түріндегі қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, –деді ҚР ҚМА кадр бөлімінің басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

ҚМА қызметкерлеріне қатысты басқа фактілерге келетін болсақ, Нұрлан Әдалиевтің айтуынша, бару және тексеру кезінде қалған қызметкерлер Қаржы мониторингі агенттігінде жұмыс істемейтін болып шықты.

Өзгелердің жаңалығы