Шэньчжэнь қаласы Қазақстан өңірлерімен байланыстарды нығайтуға мүдделі

16 Наурыз 2024, 11:35
343
Бөлісу:
Шэньчжэнь қаласы Қазақстан өңірлерімен байланыстарды нығайтуға мүдделі
Фото: gov.kz

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев Шэньчжэнь қаласының Халық үкіметінің Сыртқы істер кеңсесінің басшысы Цао Сайсяньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында Қазақстан мен Шэньчжэнь қаласы арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, жоғары технологиялар, қаржы, инвестициялар, жасыл энергетика, туризм салаларындағы ықпалдастықтың перспективалары талқыланды.

Өңіраралық байланыстарды нығайту мақсатында Шэньчжэнь қаласы еліміздің қалаларымен бауырластық қатынастарды орнатуға және түрлі салалардағы байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, алдағы «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылын» және өнер ұжымдарының гастрольдерін қамтитын іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасылды.

Өзгелердің жаңалығы