Шекарашылар жанар-жағармайды заңсыз өткізу жолын кесті

15 Қараша 2021, 17:11
1000
Бөлісу:
Шекарашылар жанар-жағармайды заңсыз өткізу жолын кесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген уақытша шектеулерге қарамастан, кейбір жеке және заңды тұлғалар жанармайды заңсыз өткізуге әрекет жасауда, деп жазды Хабар24.  

2021 жылғы 13 қарашада ҚР ҰҚК ШҚ шекара жасағы Жамбыл облысы Меркі ауданының «Чальдовар» (теміржол) өткізу пунктінде Қазақстан аумағынан шамамен 68 тонна дизель отыны мен 120 тонна бензинді заңсыз әкету әрекетін болдырмады (отын түрін сараптама белгілейді). 

Отыны бар үш цистернаны тасымалдау газ конденсаты түріндегі жүк темір жол құрамымен жүзеге асырылды. Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарды іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне беру жоспарлануда. Ұсталған жанармайдың алдын ала құны 50 млн теңгені құрады, - делінген ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы