Шекарашылар заңсыз тауарларды тәркіледі

30 Қазан 2019, 09:45
1820
Бөлісу:
Шекарашылар заңсыз тауарларды тәркіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Қорғас шекаралық бақылау жасағының «ШЫХО» шекаралық бақылау өткізу бөлімінде Қазақстан Респуликасынан ШЫХО-на «Тойота Прадо» автокөлігімен кетіп бара жатқан 1973 жылғы туған ҚР азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

«Көлігін тексеру кезінде табылған 7,62 калибрлік аң аулауға арналған қарудың патрондары ұстауға себеп болды. Айғақ заттар Панфилов аудандық полиция бөліміне тапсырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Зайсан шекара жасағының «Майқапшағай» шекаралық бақылау өткізу пунктінде Қазақстан Респуликасынан ҚХР-ға жаяу 46 кг араның балын заңсыз алып өтпек болған 1986 жылғы туған Қазақстан азаматы ұсталып, «Майқапшағай» кедендік бекетінің санитарлық бақылау қызметкерлеріне тапсырылған.

«Сарыағаш шекара жасағының «Жібек жолы» автомобильдік шекаралық бақылау өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу келе жатқан 1993 жылғы туған Өзбекстан азаматын қызметтік иттің көмегімен тексеру кезінде шалбарының қалтасынан пакеттегі кептірілген марихуана табылды. Түркістан облыстық ЭТД уәкілетті қызметкеріне тапсырылды», - дейді ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы