Шекарашылар кезекті браконьерлерді қолға түсірді

7 Қараша 2019, 18:15
2134
Бөлісу:
Шекарашылар кезекті браконьерлерді қолға түсірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зайсан шекара жасағының "Шілікті" шекаралық комендатурасы учаскесінде сағат түнгі он шамасында шекаралық наряды "Тоқта!" деген талапты орындаудан бас тартқан УАЗ автомашинасының соңына түсіп, "Аршалы" деген жерде ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.  

Автомашинада ҚР 6 азаматы болған. Барлығына ҚР ӘҚКо 1-бөлігі 1-тармағының 510-бабы "Шекаралық режимді бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ұсталған автомашинаны тексеру барысында 21 қапшық қызыл кітапқа енгізілген "Бозғыл жапырақты сепкігүл" (халық арасындағы атауы "Алтын тамыр" немесе пияу) өсімдігі табылды.
Алайда оқиға бұнымен аяқталмады. Ұсталғандар тоқтаған жерлерінен қайтадан қаша жөнеліп, жол-жөнекей өсімдік салынған қапшықтарды машинадан лақтыра бастады. Бірақ шекарашылардың құрығынан құтылып кете алмады. Олар қайтадан ұсталып, шекара жасағына жеткізіліп, ҚР ҚК 339-бабы "Жоғалып кету қаупі бар және сирек, сондай-ақ қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды заңсыз аулау" бойынша қылмыс белгілерімен Зайсан аудандық прокуратурасы арқылы ШҚО бойынша ПД Зайсан АПБ тапсырылды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - делінген таратылған ақпаратта.
"Бозғыл жапырақты сепкігүл" - Шығыс Қазақтан облысының таулы аудандарында өсетін емдік қасиеті жоғары өімдік. Халық медицинасында емдік қасиетімен құнды болып табылады. Шет елдерде, әсіресе шығыс Азия елдерінде жоғары бағаланады. Алтын тамыр өсімдігінің шығу көлемі жыл өткен сайын азайып бара жатыр. 
Өзгелердің жаңалығы