Шекарашылар алғаш болып шетелдік қонақтарды құттықтады

24 Қазан 2022, 21:19
1769
Бөлісу:
Шекарашылар алғаш болып шетелдік қонақтарды құттықтады
VIDEO

Шекара қызметінде дәстүрлер көп. Солардың ең бастысы – жауынгерлік есеп 20.00-ден «шекаралық тәулік» басталады. Сондықтан мереке қарсаңы 24 қазанда сағат 20:00 бастап шекарашылар алғаш болып шетелдік қонақтарды құттықтай бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы мен Астана қалаларындағы халықаралық әуежайларда шекарашылар келіп жатқан жолаушыларға танымал брендке айналған қазақстандық шоколадты мерекелік қорапшада ұсынды.

Қорапшада құттықтау сөздермен қатар ұлттық мереке туралы мәлімет берілген және шекарадан өту сұрақтары бойынша кеңес алу үшін байланыс телефондарының нөмірлері көрсетілген.

Қонақтар шекара бақылауының қызметіне тиісті бағасын берді.

Сонымен қатар өткізу пункттерінде жолаушылар үшін бақылаушылардың жұмысын бағалауға арналған штрихкодтар орналастырылды. Жолаушылардың тексеру процедурасын жылдамдатуға арналған «E-gate» программалық-аппараттық кешені енгізілуде.

Ұлттық мерекеміздің құттықтауларына қосыла отырып, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мәңгі жасасын деп тілейміз!

Өзгелердің жаңалығы