Шекаралық өткізу бекеттеріне тексеріс жүргізуді тапсырамын – Тоқаев

11 Қаңтар 2022, 12:34
1231
Бөлісу:
Шекаралық өткізу бекеттеріне тексеріс жүргізуді тапсырамын – Тоқаев
Фото: bugin.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытаймен шекарадағы мәселені реттеу керек. Парламент отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.

Бюджетке түсетін кірісті арттыру кеден саласын ретке келтіруде жатыр. Әсіресе, Қытай шекарасындағы мәселені реттеу керек. Ондағы олқылық баршамызға аян. Көліктер дұрыс тексерілмейді, салық пен кеден төленбей жатыр. Қытай кеден органдарымен  статистика сәйкес келмей жатыр. Олар млрд-тарды құрады. Халық млрд теңге көлеміндегі салықтан айырылып жатыр. Бұлай іс жүргізуге болмайды. Бас прокуратура мен Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп шекарада тексеріс жүргізуді тапсырамын, -деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы