Шекаралық аймақта тұратын халыққа жағдай жасау керек – сарапшы

Бүгiн, 17:00
123
Бөлісу:
Шекаралық аймақта тұратын халыққа жағдай жасау керек – сарапшы
Фото: Видеодан скрин

Қазақстан-Ресей сараптамалық кеңесінде не талқыланатынын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алуа Жолдыбалина Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы Қазақстанның шекарасында орналасқан ауыл-аймақтар мен қалалардың тұрғындарының өмір сүруіне әсер ететінін айтады.

Сондай мәселелерді ескеріп, екі мемлекеттің қарым-қатынасы әсіресе шекаралық аймақта тұратын халықтың жағдайына жақсы әсер ететіндей нәтиже жасауымыз керек. Әрине, орталықта, оңтүстікте, батыста өмір сүрген ол бөлек. Ал шекаралас мемлекетте өмір сүру ол – бөлек нәрсе. Ол жақта мысалы сауда-саттық бар, тіпті кейде шекараны өтудің өзінде бір мәселелер болуы мүмкін. Соның бәрін еңсеру үшін біз осындай сараптамалық форумдар жасаймыз, - деді ол.

Сондай-ақ маман кеңесте білім беру саласына қатысты біраз мәселелер талқыланатынын атады.

Мысалы, бізде қазір халықаралық қатынастар институтының филиалы ашылады деген ұсыныс бар, бастама бар. Енді ол бір жағынан білім беру саласын кеңейтеді. Жалпы соңғы жылдары Қазақстан өте көп университеттердің филиалдарын ашып жатыр. Ол – өте жақсы. Ол бізге ғана емес, бүкіл мемлекеттерге тән. Мысалы оны Біріккен Араб Әмірліктері, Катар өте жақсы дәріптейді. Оларда көптеген АҚШ-тың, Еуропаның университеттері бар. Яғни біз де солай жасап бүгінгі азаматтарымызға әртүрлі білім алуға мүмкіндік жасауымыз керек, - деді маман.

Алуа Жолдыбалина Қазақстан мен Ресейдің ортасында ортақ жобалар көп екенін түсіну керегін де айтты.

Бізде шамамен 140-қа жуық бірлескен, жүзеге асатын жоба бар. Мысалы сауда-саттықта, экономикада. Одан бөлек, Ресейдің компаниялары бар бұл жақта. Бәріміз білеміз, ең ірі компаниялардың бірі – Яндекс. Мысалы, Яндекстің бүгінде Қазақстандағы әлеуеті, мүмкіндігі зор, жұмыс беруші компания екені белгілі. Осындай мәселелерді талқылау аясында бір ұсыныстар дайындаймыз, - деді ол.

Маман кеңесте төрт сала қамтылатынын айтты. Олар экономика, саясат, әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени сала.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесінің отырысы өтті.

Өзгелердің жаңалығы