Шекаралас аймақтарда экспорт артып келеді – Энергетика министрлігі

3 Қазан 2019, 17:23
1897
Бөлісу:
Шекаралас аймақтарда экспорт артып келеді – Энергетика министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың қатысуымен "Отандық тауарларды шекаралас мемлекеттердің нарығына өткізу" тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті.

"Өңіраралық және шекара маңындағы ынтымақтастықты әрмен қарай жақсартып жатырмыз. Өзбекстан, Ресей, Қытай секілді елдермен дәстүрлі экономикалық қарым-қатынас орнатылған. Барлық құқықтық-нормативтік база тиімді жұмыс істейді. 7 қарашада мемлекет басшылары деңгейінде Ресей федерациясымен өңірлік серіктестік форумын өткізгелі отырмыз. Ол жерде экспортты жақсарту мен сапалы импортта арттыру секілді маңызды мәселелерді талқылауды жоспарлап отырмыз. Негізгі сауда серіктесі Ресей Федерациясындағы біздің тауар айналымымыз – 19,5%, одан кейін Қытай – 12,3%, Өзбекстан – 2,9%, Қырғызстан – 1%. Ресейдегі барлық субъектілермен серіктестік орнатуды көздейміз. Негізінде Қазақстанның 7 облысымен шектесетін 11 субъектімен серіктестік орнатуға назар аударылуда. 2018 жылы осы аймақтарда тауар айналымы 2% артып, 1,9 млрд АҚШ долларын құрады",- деді вице-министр.

Ол шекаралас аймақтардағы экспорт артып келе жатқанын, оның 18% – өңдеу өнеркәсібі, қалғанын шикізат құрайтынын айтты. Осы себепті өңдеу өнеркәсібіне назар аударылуда.
Өзгелердің жаңалығы