Шекарадан заңсыз өтпек болған ауғандықтар ұсталды

24 Тамыз 2023, 20:27
720
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз өтпек болған ауғандықтар ұсталды
Фото: скрин

БҚО полицейлері Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 тымыз “Учаске” жедел-профликалық іс-шарасын өткізу барысында ПД Бөрлі аудандық полиция қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтпекші болған Ауған Республикасының 10 азаматын қолға түсірді.

Болжамды мәліметтерге сүйенсек, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған екен. Ұсталған азаматтарға қатысты ӘҚБтК-нің 514-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Кейін жинақталған материалдар әрі қарай шешім шығару үшін Бөрлі аудандық сотына жолданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы