Шекарадан заңсыз 10 млн теңге алып өтпек болған Қытай азаматы қолға түсті

14 Маусым 2019, 20:48
1021
Бөлісу:
Шекарадан заңсыз 10 млн теңге алып өтпек болған Қытай азаматы қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстаннан декларацияланбаған 10 млн теңгеден астам қолма-қол ақша әкетіп бара жатқан Қытай азаматы қолға түсті. Бұл туралы Мемлекетітк кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО бақылау өткізу пунктінде 1969 жылы туған ҚХР азаматын ұстады. Тінту кезінде азаматтан декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша табылды» делінген хабарламада. 

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.



Өзгелердің жаңалығы