Шекара маңындағы ауылдарда жағдай жоқ - депутат

30 Қараша 2023, 16:46
532
Бөлісу:
Шекара маңындағы ауылдарда  жағдай жоқ - депутат
Фото: Артём Чурсинов - архив

Сенатор Ольга Булавкина өзінің депутаттық сауалында Қазақстанның шекаралық өңірлерінің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысының 36 мың халқы бар Зайсан ауданында аудандық емхана салу қажет, ал Катонқарағай ауданында медициналық пункт ғимараты ауылдық клубта орналасқан.

Катонқарағай ауданында ветеринария саласындағы мамандардың 25-30%-ға дейін жыл сайын көшіп кетуі байқалып отыр. Осы саладағы қызметкерлердің бір бөлігінде арнайы білім жоқ. Бұл жағдай шалғайдағы әр ауылда байқалады. Жоғары білімі бар мамандар қарапайым тұрмыстық жағдайдың болмауына байланысты ауылдық жерлерге бармайды,-деді Ольга Булавкина.

Депутат осыған байланысты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа жаңадан құрылған әкімшілік аумақтарды оңалтудың жол картасын әзірлеуді және тиісті қаржысы бекітілген әрі нақты мерзімдері көрсетілген шараларды іске асыруды ұсынды.

Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет саласында ерекше реттеу саясатын қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлер жүктемесін азайтуға бағытталған бағдарламалар кешенін әзірлеу қажет. Шекаралас өңірлердің өңірлік және өңіраралық логистикасын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Экономикалық дамуда жаңа кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы өндірісін тиімді өркендетуді қолдауға бағытталатын арнайы шекара маңы аймақтарын құру мәселесін қарастыру керек, - деді Булавкина.

Өзгелердің жаңалығы