Шегірткемен күрес. Үкімет резервінен млрд қаржы бөлінбек

23 Мамыр 2024, 15:47
518
Бөлісу:
Шегірткемен күрес. Үкімет резервінен млрд қаржы бөлінбек
Фото: midjourney

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов еліміздің бірнеше облысында шегірткелер шабуылы күшейетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Комитет өкілінің мәлімдеуінше, шегірткелерімен күресу үшін республикалық бюджеттен алдын ала 4,2 миллиард теңге бөлінген. Онымен қоса, үкімет резервінен қосымша 3,9 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Бүгінгі таңда шегірткелердің зиянкес түрі 2 538,035 мың гектар аумаққа таралған. Алдағы уақытта зиякестер Ақтөбе, Қостанай , Түркістан облыстарына таралуы мүмкін дейді спикер.

Қазіргі таңда шегірткелермен күресу үшін 2,46 миллион гектар алаңда өңдеу үшін пестицидтер қоры уақтылы сатып алынды, 153 мың гектар алаңға конкурстық рәсімдер жалғасуда. 1,75 млн га алаңға химиялық өңдеу бойынша қызметтерді сатып алу бойынша шарттар жасалды, 794 мың гектар алаңға конкурстық рәсімдер жалғасуда, - деді Дархан Әбдікәрімов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы