Шай мен кофе өндірісі 17,2% өсті

22 Тамыз 2023, 17:30
671
Бөлісу:
Шай мен кофе өндірісі 17,2% өсті
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Жарты жыл ішінде Қазақстан шай мен кофе өндірісі 17,2% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы қантар-маусымда елiмiзде 10,3 мың тонна шай мен кофе өндiрiлді – бұл өткен жылдың сайкес кезенiмен салыстырғанда 17,2% артық (2022 жылғы қаңтар-маусым – 2022 8,8 мың тонна).

Импорт үлессалмағы 73,4% – елге аталған өнімнің 28,5 мың тоннасы әкелінген. Осылайша импорт көлемі алты айда 32,8% өсті.

Экспортқа жарты жылда 3,5 мың тонна шай мен кофе жіберілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6% артық.

Ішкі нарықта барлығы 35,2 мың тонна өнім сатылды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,3% көп. 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда биылғы шілдеде шай бағасы 12,8%, кофе 17,5% қымбаттаған.

Өзгелердің жаңалығы