Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа жетті

30 Тамыз 2023, 02:35
639
Бөлісу:
Шавкат Рахмоновтың қарындасы АҚШ-қа жетті
Фото: instagram.com/darteam.kazakhstan

UFC-дегі еліміздің белді өкілі Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова АҚШ-қа жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Дана Уайттың үміткерлер турнирінің финалдық кезеңіне дайындығын пысықтайды.

Dar Pro Team мәліметінше, Рахмонова қазір Майамиде. Ол Kill Cliff FC залында жаттығу мен спарринг ұйымдастырады.

26 тамызда Сора Рахмонова Лас-Вегаста литвалық Эрнеста Карецкайтемен кездеседі. Dana White’s Contender Series іріктеу шоуының жеңімпазы ММА-дегі ең беделді ұйым UFC-де өнер көрсету құқығын иеленеді.

Өзгелердің жаңалығы