Шавкат Рахмонов UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді

29 Сәуір 2022, 23:27
1450
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) пен америкалық Нил Мэгни (26-8) кездесуі UFC Fight Night 209 турнирінің басты жекпе-жегі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов пен «Гаитиялық сенсацииның» жекпе-жегі 25 маусымда Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық файтер алғаш рет UFC турнирінің хэдлайнері болады.

Айта кетейік, «Номад» кейінгі жекпе-жегін 5 ақпанда Карлстон Харриске қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. 

Өзгелердің жаңалығы