Шавкат Рахмонов UFC-дағы кезекті жекпе-жегі үшін Лос-Анджелеске барды

2 Ақпан 2022, 18:23
1472
Бөлісу:
Шавкат Рахмонов UFC-дағы кезекті жекпе-жегі үшін Лос-Анджелеске барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов кеше Лос-Анджелеске UFC ұйымындағы үшінші жекпе-жегін өткізуге барды.

Бұл туралы Instagram желісінде Dar Pro Team жекпе-жек клубы мәлімдеді.

Шавкат Рахмоновтың октогонға оралуына санаулы күндер қалды, - деп атап өтті промоутер.

Спортшы жаттығудың соңғы кезеңін АҚШ-та жасады.

Еске салайық, 5 ақпанда Рахмонов UFC турнирінде бразилиялық Карлстон Харриске қарсы жекпе-жек өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы