Шавкат Мирзиёев Түркі кеңесінің Даму банкін ашуды ұсынды

31 Наурыз 2021, 19:06
1939
Бөлісу:
Шавкат Мирзиёев Түркі кеңесінің Даму банкін ашуды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістанда өтіп жатқан Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бауырлас елдер арасында қай бағытта ынтымақтастықты арттыру қажет екенін айтып берді.

Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Түркі кеңесінің төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа саммитті ұйымдастыру туралы бастамасы үшін алғысымды білдіргім келеді. Саммит «Түркістан - түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында өткізіліп, Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты болып отыр. Сондай-ақ Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы ретінде жариялау маңызды мәлімдеме, - деді ол.

Оның сөзінше, Алишер Науаи Қожа Ахмет Яссауиді Түркістанның өкілі ретінде жоғары бағалаған.

Яссауидің мұрасы - Түркі әлемінің өте бай мұрасының үлгісі. Ол Бұхарада жұмыс істеп, мұсылман әлеміне ислам дінін таратты. Біздің ата-бабаларымыз бірін-бірі жақсы түсініп, ойлары бір болған. Біз Қожа Ахмет Яссауиді өте жоғары бағалаймыз. Біздің өңірде оның пікірлері қолдау тауып отыр. Оның атына үлкен мавзолей салынды. Бұл қордың ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі екі елдің бірлігін көрсетеді. Бүгін Яссауидің жерін бәрі жоғары бағалайды, - деп түсіндірді Президент.

Мирзиёев болашақта Түркістан қаласы гүлдене түсетінін алға тартты.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен оның халқын Таулы Қарабақ өңірін өздеріне қайтарып алғандары үшін құттықтаймын. Мешіттер, тарихи ескерткіштер, түрлі мәдени-ағарту нысандары қайта қалпына келеді деп сенеміз. Түркі кеңесі ортақ тіл мен дінге, тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Ол өңірлік ынтымақтастықтың маңызды тетігі. Дамудың жаңа дәуіріндегі ұйым ретінде қандай да болмасын тегеурінге дайын болуымыз керек, - дейді Өзбекстан басшысы.

Оның сөзінше, осы жылға жаңа міндеттер пайда болды.

Біріншісі, негізгі мақсатымыз – экономикалық қарым-қатынасты нығайту. Ол құжатқа негізделуі керек. Ол «Түркі келешегі-2040-пен» қоса, постпандемиялық жағдайға байланысты орта мерзімдік стратегияны жасап, аяқтауымыз керек. Құжат Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің аясында жасалады. Бұл жерде жаһандық дағдырыстың жағымсыз салдарына қарсы күрес негізгі фокус болуы керек. Цифрлық технологиялар мен бизнесті дамыту үшін өңірлік ынтымақтастықты дамыту. Екінші, өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту қажет. Осы ретте елдер арасында инвестициялық жобаны жүзеге асыру керек, - деді Президент.

Мирзиёевтің айтуынша, Түркі кеңесі өзінің инвестициялық қорын жасап, Даму банкін ашатын уақыт келді.

Осыған байланысты практикалық жұмысты бастаймыз. Көлік және транзит потенциалын арттыру үшін Өзбекстанда мүмкіндіктер бар. Орталық Азия аумағы арқылы ең негізгі әлемдік нарыққа шығуымыз керек. Ол Қытай, Үндістан, Пәкістан. Ал Әзербайжан мен Түркия Еуропа елдеріне шыға алады. Төртінші, ата-бабаларымыздың ұлы мұрасы мен дініміздің тарихын сақтап қалуымыз керек, - деген пікір айтты ол.

Осыған байланысты Өзбекстан Президенті елдерінің аумақтарында орналасқан жерлеріне тур ұйымдастыруды ұсынды. Оның сөзінше, зиялы туризм жобасы өте маңызды.

Өзбекстан қыркүйекте UNESCO-мен бірлесіп халықаралық форум өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар өнер және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттыру қажет екенін айтты, - деді Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев.

Өзгелердің жаңалығы