"Шарын" базарында өрт шықты

27 Желтоқсан 2019, 11:44
5117
Бөлісу:
"Шарын" базарында өрт шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы "Шарын" базарының аумағында өрт шықты. Ангар түріндегі көкөніс павильонының ішіндегі асхана жанып кеткен. Сағат 11.00-де өрт ауыздықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Бүгін сағат 10:22-де Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімі Алаш тас жолының бойында орналасқан Шарын базарына шықты. Ангар түріндегі көкөніс павильонының ішінде орналасқан шамамен 150 шаршы метр ауданды құрайтын тандыр асханасы жанып жатқаны белгілі болды, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Дерекке сүйенсек, өрт толығымен тоқтатылды және оның шығу себебі анықталуда. 

Өрт сағат 11.00-де тоқтатылды. Қазіргі уақытта өртті сөндіруге 9 техника және төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің 40 жеке құрамы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген ресми ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы