Шаруаларға көктемгі егіс науқанына арнап 340 мың тонна дизель отыны беріледі

26 Наурыз 2024, 11:03
256
Бөлісу:
Шаруаларға көктемгі егіс науқанына арнап 340 мың тонна дизель отыны беріледі
Фото: BAQ.KZ - архив

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шаруаларға көктемгі егіс науқанына 340 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы көктемгі егіс жұмысын жүргізуге жеңілдетілген дизель отынының көлемін қалыптастыру алғаш рет gosagro.kz арқылы шаруалардың электронды өтінімдері негізінде іске асырылды, - деді Сапаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, республика бойынша бүкілі 340 мың тонна дизель отыны көлеміне жиынтық өтінім қалыптастырылды.

Жиынтық өтінім негізінде Энергетика министрлігі дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекітіп беру графигін, сондай-ақ жеңілдікті дизель отынының құнын литріне 250 теңге деңгейінде бекітті (АЖС – литріне 295 теңге). 26 наурыздағы жағдай бойынша мұнай өңдеу зауыттарынан өңірлерге барлығы 67,7 мың тонна (немесе 20 пайыз) дизель отыны тиеп-жөнелтілді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы