Шардара су қоймасында машиналық су беру каналы іске қосылды

4 Шілде 2023, 17:00
1172
Бөлісу:
Шардара су қоймасында машиналық су беру каналы іске қосылды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Түркістан облысы бойынша сәуір айынан бастап Шардара су қоймасына су аз келіп жатыр. Қазгидромет пен Узгидрометтің болжамы бойынша вегетациялық кезеңге Сырдария бассейні өзендерінің сулылығы нормадан төмен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Түркістан облысының әкімдігіне ылғал сүйгіш дақылдарды қысқартуды, сондай-ақ Мақтаарал және Жетісай аудандарында күріш егуді алып тастауды ұсындық. Осыған қарамастан, ағымдағы жылы Түркістан облысы бойынша күріш егу алаңы 2022 жылға қарағанда 2,35 мың гектарға, яғни 1,5 мың гектардан 3,853 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Шардара ауданы бойынша 890 га, Мақтаарал ауданы бойынша 2274 га, Жетісай ауданы бойынша 689 га қамтыды. Сондай-ақ, Мақтаарал және Жетісай аудандарында мақта егу алаңы бастапқыда жоспарланғаннан 5,29 мың гектарға, яғни 79,7 мың гектардан 84,990 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Осыған байланысты, Достық каналы арқылы суға деген қажеттіліктің артуына байланысты ағымдағы жылдың наурыз және маусым айларында Шардара су қоймасынан машиналық су беру каналы іске қосылды,– дейді «ҚР ЭТРМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов. 

Шардара су қоймасында машиналық су беру каналы іске қосылды

Спикедің мәліметінше, Ағымдағы жылдың 1 сәуірі мен 30 маусымы аралығында Шардара су қоймасына 2,23 млрд. м3 су түседі деп күтілген бірақ іс жүзінде 1,291 млрд.м3 (58%) түсті.

Министрліктің ұсынымын орындамау салдарынан, «Тұран Су» коммуналдық кәсіпорнымен Арыс өзенінің ағын режимін дұрыс реттемеу себебінен Отырар ауданын сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір көтерілді. Қазіргі уақытта ЭТРМ жедел су тапшылығын жою үшін су қоймаларынан санитарлық су жіберуді жүзеге асыруға мәжбүр. Сондай-ақ, Қазгидромет пен Узгидрометтің болжамы бойынша вегетациялық кезеңге Сырдария бассейні өзендерінің сулылығы нормадан төмен және нормаға жуық деп күтілді. Осыған байланысты бассейндік инспекция Сырдария өзенінен тұрақты суаруға су пайдалану лимитін қысқартты, – дейді Сейілбек Нұрымбетов.

Өзгелердің жаңалығы