«Шапағаттың» шапағаты тиген жандар

27 Қараша 2021, 17:00
1323
Бөлісу:
«Шапағаттың» шапағаты тиген жандар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығының директоры Шынар Жеңсікбаева хабарлады. 

Оның айтуынша, Қызылорда облысында орналасқан үкіметтік емес ұйым «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту» қоры іске асыратын әлеуметтік «Демеу» әлеуметтік волонтерлік жобасы  шеңберінде «Ауылға – бірге» жобасын жеңіп алған.

Осылайша, ауылдық жерлерде, яғни аудан орталығынан шалғай орналасқан елдімекен тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар беруді мақсат тұтыпты.

«Шапағаттың» шапағаты тиген жандар

Жоба аясында 10 мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен жұмысшы тобы құрылып, 10 ауылдық округте еркін форматта кездесулер өткіздік. 600 ауыл тұрғыны қатысты. 329 жеке қабылдау өткіздік. Қабылдау барысында бірқатар мәселелер анықталды. Олардың көбі – алаяқтық қылмыстар, банктік шоттардан ақша шешіп алу, біреудің сыртынан несие рәсімдеу сынды оқиғалар, - деп атап өтті ұйым басшысы.

Айта кетерлігі, жобаға қатысқан ауыл тұрғындарының 27,5% (165) жастарды құраған. Бұл жастардың ауылдың ахуалдық жағдайына қызығушылық арттыратынын білдіретіні анық.

«Шапағаттың» шапағаты тиген жандар

Жоба бойынша бірнеше жас отбасы мәселені жеке қабылдау кезінде шешті. Мысалы, 24 жастағы отбасылы келіншек 2-3 жыл бұрын несие алған. Қаржы қиындығынан бірнеше рет төлем жасалмаған. Бірақ соңында несиені жапқан, алайда банк оның несие тарихын қаза тізімге енгізіп, бүлдіріп тастаған. Енді ол несие ала алмайды. Осыған байланысты отбасында жиі ұрыс болып, түсінбеушілік туындаған. Біздің мамандар банк пен зардап шегушіні байланыстырып, несиесі жоқтығын дәлелдеп, ол қара тізімнен шығарылды. Болашаққа үміті оянып, отбасының берекесі кірді, - дейді Шынар Жеңсікбаева.

Сонымен қатар тағы бір аталған жоба баспанасыз далада қалудың аз-ақ алдында қалған бір отбасына көмектескен.

«Шапағаттың» шапағаты тиген жандар

42 жастағы әйел отбасы мәселесімен жүгіріп жүріп, тұрғын үй құжаттарын жолғалтып алған. Ауыл алыс орналасқандықтан ауданға бірнеше рет қана барған, бірақ жұмысы бітпеген. Құжаттардың түпнұсқасы болмағандықтан, өзі уайымдап аурушаңдыққа ұшыраған. Ауылдық әкімдігінің жеке жұмыс жасау секторына апырып, сол жерде ЭЦП ашқызып, базадан толық тексерілді. Тұрғын үй өз атында тұр. Сол жерде аудандағы Халыққа қызмет көрсету қызметкерлерімен байланыса отырып, жоғалған құжаттың тұпнұсқасын алуға қол ұшын создық. Құжаттар қалпына келтерілді, тағы бір отбасы мәселесі түбегейлі шешілді, - деп отыр үкіметтік емес ұйымның басшысы.

Өзгелердің жаңалығы