Шәмшіге ескерткіш қойылды

7 Қараша 2019, 11:37
4133
Бөлісу:
Шәмшіге ескерткіш қойылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші Республика сарайы жанындағы саябақта бой көтерді. 

Ескерткіштің ашылуына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, сазгердің өмірлік серігі Жамиля Қалдаяқова және сазгердің өнер жолындағы достары мен еліміздің әншілері қатысты. 

IMG_20191107_102943.jpg

Бүгін біз үшін үлкен қуаныш. Шәмші аға өз әндерін жастарға, махаббатқа, думанға және еліміздің мерейлі жағына да бағыштады. Сол себепті қай жерде жүрсек те Шәмші аға біздің жүрегімізде жүреді. Шәмші аға әндерімен әрбір шаңырақты ғана емес, бүкіл қазақ елін тербетті. Еліміз Тәуелсіздік алған соң сазгер Халық әртісі атағын алды, ал бірақ өзінің халқы оған Қазақ вальсінің королі деген атағын әлде бұрын беріп қойған. Елдің сүйіспеншілігімен берген атағынан үлкен атақ жоқ, - дейді Бақытжан Сағынтаев. 

IMG_20191107_103747.jpg

Сонымен қатар, сазгердің достары ақын Мұхтар Шаханов, әнші Нұрғали Нүсіпжанов та Шәмші жайында өз естеліктерімен бөлісті. 

IMG_20191107_102407.jpg

Халық әртісінің жан жары Жамиля Қалдаяқова ескерткіштің ашылуына атсалысқан жандардың барлығына өз ризашылығын білдірді. 

IMG_20191107_105134.jpg

Шәмші әрдайым мен бақыттымын деп отыратын. "Қайда барсам да халқым мені жақсы көріп, құрметтеп отырады. Сондықтан мен өте бақытты адаммын" дейтін. Шәмшінің артында немерелері, шөберелері бар, сондықтан ол бақытты адам, - дейді ол. 

IMG_20191107_105424.jpg

Мыстан жасалған мүсінді бес адамнан құралған Арт Альянс атты шығармашылық топ жасап шыққан. Оның құрамында үш мүсінші, екі дизайнер бар.

Ескерткіште сазгердің шабыт үстінде отырған сәтін жасап шықтық. Бір жақ қолында қойын кітапшасы бар. Бұл саябақ та тегін таңдалмады, жанында Республика сарайы тұр әрі бұл жерде адамдар көп жүреді. Осы жұмысты жасау барысында Шәмшінің көзін көрген адамдармен ақылдасып отырдық және баласымен тікелей жұмыс жасадық, - деді мүсінді жасаған авторлардың бірі Қанат Бигулиев.

Өзгелердің жаңалығы