Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 16-ға жетті

28 Қазан 2023, 10:22
590
Бөлісу:
Шахтадағы апат: Қаза тапқандар саны 16-ға жетті
Фото: Артём Чурсинов

Костенко шахтасынан тағы 5 кеншінің мәйіті табылды. 31 кеншіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

252 адамның 205-і жер бетіне шығарылды, оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. 31 кеншіні іздеу жалғасуда. 16 шахтердің денесі табылды, - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.

Апат орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Штаб жұмыс істеп жатыр

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді 8 (7212) 51-72-23, 8 (7212) 49-72-70.

Айта кетейік, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болды. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған.

Өзгелердің жаңалығы