Шахматтан ӘЧ: Қытайлық Дин Лижен алғашқы партиясында жеңіске жетті

14 Сәуір 2023, 11:40
1231
Бөлісу:
Шахматтан ӘЧ: Қытайлық Дин Лижен алғашқы партиясында жеңіске жетті
Фото: fide.com

Астанада өтіп жатқан шахматтан әлем чемпионатында 4-ші партия ойналып, бәсеке қыза түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлем чемпионы атағы үшін гроссмейстер Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижен арасында 4-ші партия өтті. Ақ фигуралармен ойнаған Лижен жеңіске жетіп, жалпы есепті 2:2-ге жеткізді. Осылайша ол 2-ші партияда кеткен есені қайтарып, чепиондық атақ үшін таластағы есепті теңестіре алды. 

Жалпы жарыс 14 партиядан тұратынын айта кетейік. Алайда ойыншылардың біреуі 7,5 ұпай жинаса, мерзімінен бұрын Әлем чемпионы атануы мүмкін. Ал шахматшылар тең түссе, жеңімпаз жылдам шахмат бойынша плей-оффта анықталады.

Ян Непомнящий шахматтан әлем чемпионы атағы үшін осымен екінші рет таласып жатыр. Екі жыл бұрын ол норвегиялық Магнус Карлсенге жеңіліп қалған еді. Ал Дин Лижен чемпиондық тәж үшін бәсекеге түсіп жатқан алғашқы қытайлық шахматшы. Жарыстың жүлде қоры 2 миллион доллар, оның 60 пайызын жеңімпаз, ал 40 пайызын 2-ші орын алған шахматшы алады.

Еске сала кетейік, 7 сәуірде Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін жарыс басталды.

Өзгелердің жаңалығы