Шағын футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир басталды

9 Желтоқсан 2023, 13:08
577
Бөлісу:
Шағын футболдан Бейсен Құранбекті еске алуға арналған турнир басталды

Журналист Бейсен Құранбекті еске алуға арналған БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Республикалық деңгейдегі жарыс осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Турнирде Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған қалаларынан келген 8 команда бақ сынайды. Жарысты Жетісу облысының әкімдігі, Жетісу телеарнасы; Жетісу газеті, Respublica партиясы, Janr әдеби клубы ұйымдастырып жатыр. Турнирде төрт орынға жүлде беріледі. Сонымен қатар Бейсен Құранбекке өмірде аға болған, ұстаздық қылған белгілі спорт журналисі Сайын Тұрсынов пен телевизия ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы арнайы сыйлық тағайындалады.

Екі күнге созылатын журналистер арасындағы доп додасы 9-10 желтоқсанға жоспарланған. 9 желтоқсан марқұм Бейсен Құранбектің өмірге келген күні.

Өзгелердің жаңалығы