"Шабыт" студенті "Астана аруы" атанды

19 Желтоқсан 2019, 10:46
2773
Бөлісу:
"Шабыт" студенті "Астана аруы" атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Астана аруы" байқауы өтті. Нұр-Сұлтан қаласының ең сұлу аруы болып Айзада Хабиболлаева танылды. 

19 жастағы Айзада Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті, қобызда ойнайды. Байқаудың бірінші вице-миссі – Ханзада Әзірбай, екінші орынға Қарлығаш Жанғарина тұрақтаса, Наталья Федотенкова үшінші вице-мисс атанды.

Сән сайысының жеңімпазы Айзада Хабиболлаева сыйлыққа кәсіби фотосессия, make up бойынша кәсіби мастер-класс, кутюрье ұсынған кешкі киім-кешек және құны 500 мың теңге сертификат ұтып алды, - делінген хабарламада.

Елорда аруын таңдауға қазылық еткендер: Серік Сәпиев, елордалық сән апталығының амбассадоры Дәурен Айқымбаев, имидж-стилист Аида Есеналина, Қазақстан Студенттер альянсының басшысы Ілияс Түстікбаев, "Барыс" қорғаушысы Виктор Сведберг, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының директоры Алена Карбасова, "Қазақстан аруы – 2019" Мадина Батық, "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының әлеуметтік бағдарламалар директоры Совет Сеитов және "Жас қанаттар" Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы төрағасының орынбасары Зарина Ақшолақова.

Өзгелердің жаңалығы