Ұшақ апаты: Дариға Назарбаева қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

27 Желтоқсан 2019, 10:49
3105
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Дариға Назарбаева қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан Алматы маңындағы әуе апатында қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Алматы облысында ұшақтың құлағаны туралы хабарды естіп, қайғыға ортақтасатынымызды жеткіземіз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздердің қайғыларыңыз бәрімізге де ортақ. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз, - деді Д.Назарбаева.
Бұған дейін, таңғы сағат 07:22-де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Bek Air әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктікке көтеріліп барып құлап, Қызыл ту ауылы маңында апатқа ұшырағанын хабарлағанбыз.

Апат салдарынан 12 адам қаза таптыҰшақ апатына байланысты шұғыл телефон желісі ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

Өзгелердің жаңалығы