ШҚО туристік ақпараттық орталығының басшысы сотталды

13 Қаңтар 2020, 15:57
2054
Бөлісу:
ШҚО туристік ақпараттық орталығының басшысы сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен "ШҚО туристік ақпараттық орталығы" КММ басшысы С.Рамазанов пен аталған орталықтың бас есепшісі Г.Ислямоваға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша тергеу аяқталды.

Олар жанар-жағармай талондарын есептен шығару және азаматтарды жұмысқа орналастыру жолы арқылы ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. 10 қаңтарда Өскемен қалалық № 2 сотының үкімімен аталған тұлғалар ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға: С.Рамазановқа – 2 жыл бас бостандығынан айыру түрінде; Г.Ислямоваға – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, - делінген хабарламада.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы