ШҚО: кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келді

12 Наурыз 2020, 05:24
2287
Бөлісу:
ШҚО: кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының шешімімен Шәкербек Мәріпбек Шәкербекұлы Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып тағайындалды, делінген хабарламада.

35 жастағы Мәріпбек Шәкербек – Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылының тумасы.

2006 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "түрлі түсті металлургия" мамандығы бойынша аяқтаған, 2013 жылы Семей қаласында "экономика" мамандығы бойынша "Қайнар" университетін тәмамдаған.

2006-2010 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, 2012-2014 жылдары "Қазақстан индустрияны дамыту институты" АҚ-да түрлі қызметтер атқарған.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында 2014 жылдың тамыз айынан бері қызмет атқарады. Үшінші санаттағы сарапшыдан бастап Орталық аппараттың өңірлік департаменті директорына дейін өскен.

2017 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының басшысы лауазымын атқарған.


Өзгелердің жаңалығы