Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ШҚО ТЖД басшысының міндетін атқарушы Дмитрий Титов биылғы шомылу маусымындағы мәселелер туралы айтып берді.
Құтқарушылардың тынбай еңбек еткеніне қарамастан судағы қайғылы оқиғалар азаймай тұр. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы шомылу маусымы басталғалы бері 28 адам суға кетті. Оның ішінде 17 жасқа толмаған 9 бала бар. Барлық оқиғаға адамдардың өзі кінәлі. Олар күштеріне сеніп, шомылуға тыйым салынған орындарда суға түседі. Алкогольдік сусындар ішіп, шомылады.Қайғылы оқиғалардың дені демалыс күндері болады, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні 359 бұқаралық орын, туризм мен спортқа арналған және су шаруашылығына дайындалған. Оның ішінде 180 орында ресми түрде шомылуға рұқсат берілген.
ШҚО-дағы су қоймаларында шомылу маусымы кезінде қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін 1018 демалыс орнының басшыларына ұсыныс хат жіберілді. Ұсыныс хатта қауіпсіздік ережелерін сақтамаған демалыс орындарының иелерін жауапкершілікке тарту туралы айтылған. Осы орайда бұл ТЖД минстрінің бұйрығы екенін айта кеткен орынды. Қазіргі уақытта 59 жағажайды 152 құтқарушы патрульдейді. 59 қоғамдық бекет пен 48 акваторий қаралған. Осы іске 228 волонтер профилактикалық рейд жүргізуге тартылды. Алакөл жағалауындағы қауіпсіздікті қадағалау мақсатында 4 адамнан құралған құтқарушылар жұмыс істейді.
Бүгінгі күні мерекелік және демалыс күндері кестеге сәйкес 1603 рейд жүрзіліп, 33119 жаднама таратылды. "Шомылуға тыйым салынады" деген 282 белгі қойылды. 114 стенд орнатылды. Газеттер мен сайттарда 148 мақала жарық көрді. 767 материал әлеуметтік желілерде жарияланды. Теледидар мен радиодан 73 хабар таратылды.
Брифинг барысында Дмитрий Титов шомылу маусымы кезінде құтқарушы болуды меңгеру үшін және жұмысқа тұру үшін қайда хабарласу қажеттігін атап өтті.
ШҚО ТЖД-ның жедел құтқару тобы мен "ШҚО-дағы уға батқан жандарды қоғамдық құтқарушылар" ұйымына өтініш жазу керек. Кейін даярлауға қатысатын боласыз, - деді Дмитрий Титов.