ШҚО-да сақ дәуіріне арналған көрме ашылды

6 Қыркүйек 2019, 01:55
1407
Бөлісу:
ШҚО-да сақ дәуіріне арналған көрме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде ежелгі өнерден сыр шертетін ерекше көрме ашылды, деп хабарлады altaynews.kz.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұйымдастырған «Архелология ескерткіштері. Киелі география» тақырыбындағы көрме бір ай бойы Шығыс жұртшылығы мен қонақтарын бабалар өнерінің қазынасы болып табылатын ерте сақ дәуіріне тиесілі құнды жәдігерлермен тәнті етпек.

Көрме Ұлы Даланың өткенінен ақпарат беретін бабалар өнерінің түпнегізі - ежелгі өнердің паш ету мақсатында ұйымдастырылды. Мұнда көшпенділердің алтынға мол мәдениетінен сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылды. 

«Көрмеге Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы Берел, Елеке Сазы және Шілікті қорғандарынан табылған тарихи жәдігерлер қойылды. Қойылған заттар негізінен біздің дәуірімізге дейінгі VII-VIII-ғасырларға тиесілі. Жалпы біздің музейде 160 мыңнан астам жәдігерлер болса, оның 80 мыңы археологиялық жәдігерлер болып табылады. Көрме залына барлық тарихи жәдігерлерді бірден қою мүмкін емес болғандықтан, бүгінгі көрмеге 1200-ге жуық экспонат қойылып отыр. Қазан айының соңына дейін жалғасатын көрме барысында біз оларды басқа экспонаттармен алмастырып, толықтырып отыратын боламыз», – деді облыстық Тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Бақыт Сабырбаева.

Мұражай қызметкерінің айтуынша, көрмедегі заттар алтыншы қыркүйек күні ұйымдастырылатын Халықаралық конференциядан соң тағы да толыға түсетін көрінеді. Әзірге екі айға жоспарланған шара келімді-кетімді көрермендердің, басқа да әкімшілік шараларға байланысты одан әрі созылуы мүмкін дейді ол.

«Бағалы металл - алтынның көмегімен ежелгі шеберлер өз заманындағы ең озық технологияларды қолдана отырып, теңдесі жоқ аң стиліндегі туандыларды жасап шығарған. Мұндағы экспонаттардың барлығы дерлік түпнұсқалар болып табылады. Көрме - қола дәуірінен ерте орта ғасырларға дейінгі дәуірлердегі ежелгі және дәстүрлі өнердің жауһарларымен таныстырады. Шығыс Қазақстан аумағынан табылған ең танымал жәдігерлердің бірі - алғашқы «Алтын адам» да көрме төрінен орын тепті», – деп қосты Бақыт Саятқызы.

Өзгелердің жаңалығы