ШҚО-да оқушылар үздік StartUp жобаларды қорғады

15 Қазан 2019, 20:08
2454
Бөлісу:
ШҚО-да оқушылар үздік StartUp жобаларды қорғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Цифрлы Шығыс – 2019" форумының аясында өңір мектептерінде білім алып жатқан оқушылар StartUp жобаларды қорғады.

Форум ШҚО әкімдігінің инвестициялық орталығында өтті. Оған қатысушылар 15 үздік жобаны ұсынды. Форум ШҚО әкімдігінің инвестициялық орталығында өтті. Оған қатысушылар 15 үздік жобаны ұсынды. 

Қазылар алқасының құрамында облыс әкімі аппаратының өкілдері, ЖОО мен өңірдегі ІТ-компаниялардың мамандары болды. 

"Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Мұнда IT-технология саласын жетік білетін балалар жиналды. Өткен жылы StartUp-жобалар байқауына 10 мектептің оқушылары қатысты. Ал биыл олардың қатары екі есеге артты. Бұл қуантарлық көрсеткіш. Балалардың ұсынып отырған жобалары жан-жақты қамтылған. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты жобалар да бар. Мысалы, теңге алу, "Ақылды мектеп", сондай-ақ тасқынның алдын алу сынды қызықты жобаларды ұсынып, оны іске асыруды жоспарлап отыр", - деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары  Марина Гагарина. 

Байқаудың қортындысы "Цифрлы Шығыс – 2019" IT-форумында жарияланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы