ШҚО-да көлікке доңғалақ тағып сырғанаған екі жігіт қайтыс болды

3 Қаңтар 2020, 13:48
3477
Бөлісу:
ШҚО-да көлікке доңғалақ тағып сырғанаған екі жігіт қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көлікке доңғалақ жалғап сырғанап жатқанда екі адам қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті yk.kz басылымы хабарлады.

Қайғылы оқиға Бесқарағай ауданында болған. Үш жігіт тасжолға шығып сырғанағысы келген. Nissan Terrano көлігінің 19 жастағы жүргізушісі  резіңке доңғалақты өзінің көлігіне жалғаған. Оған 2001 және 2002 жылы туған екі танысы отырған. Стеклянка ауыланан жеті шақырым қашықтықта Семей-Долонь тасжолында жігіттер қарсы бағыттағы жолға қарай сырғып кетеді. Доңғалақ қарсы бетте келе жатқан Nissan X-trail көлігінің астына кіріп кетеді. Жас жігіттер алған жарақат салдарынан тіл тартпай қайтыс болады. 

Қазір 19 жастағы жүргізуші уақытша қамау изоляторында отыр. Қажетті сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 4-бөлігі 345-бабы – абайсыздықта екі не одан да көп адамның өліміне алып келген жол жүру қағидасын бұзу – қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Өзгелердің жаңалығы