ШҚО-да балалар отырған автобус жүк көлігімен соқтығысты

27 Ақпан 2020, 10:52
1928
Бөлісу:
ШҚО-да балалар отырған автобус жүк көлігімен соқтығысты

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Өскемен-Шемонаиха-РФ" тасжолының бойында балаларды тасымалдап бара жатқан автобус жүк көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы Глубокое ауданына қарасты  Прапорщиково ауылының маңында болған. Балаларды Шемонаиха ауданында өтетін спорттық шараларға апара жатқан автобус облыс орталығынан шыққан.

Сондай-ақ автобус патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен кетіп бара жатқан.

Облыстық Полиция департаментінің алдын ала берген ақпараты бойынша, "Howo" маркалы жүк көлігі жолдың қарсы бөлігіне шығып кетіп, балалар отырған автобуспен соқтығысқан. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. 

ШҚО командасынан ауруханаға жеткізілген 3 балада ешқандай жарақат анықталмады. Бірақ Оралдан келген 4 бала қосымша ауруханаға жеткізіліп, тексерілуде, - деді спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. Қоса кетсек, автобус салонында 53 жолаушы болған. Олардың 46-сы бала.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш ауылдың маңында Ан-2 санавиация ұшағы сағат 12:33-те  апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған еді.

Өзгелердің жаңалығы