Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

27 Маусым 2023, 07:40
382
Бөлісу:
Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК 27 маусымға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның барлық аумағы атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, жаңбыр жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, түнде және таңертен солтүстк-батысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Тек республикамыздың батысында, оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда облысының батысы мен шығысында, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Жетісу облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы