Сейдуалиев: Қызметте қаза болғандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды

17 Желтоқсан 2020, 22:20
1451
Бөлісу:
Сейдуалиев: Қызметте қаза болғандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдуғани Сейдуалиев игі іске ұйытқы болып, іссапармен қызмет атқарып жүріп қайтыс болған полицей М. Сарбаевтың отбасына барып, көңіл білдіріп, қал-жағдайларын біліп қайтты. 

Атап өтер жайт, Мұхтар Сарбаев 2020 жылдың жаз айында «пневмония» дертіне шалдығып, салдарынан отбасын, жақындарын, қызметтестерін тастап, бұл дүниемен қоштасып кеткен еді. Негізінде Мұхтар Сарыбаев Түркістан облысы ПД ЖПҚБ бағынысты Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы болып абыройлы жұмыс атқарған. Блок-бекеттерде халықтың амандығы үшін күні-түні қызмет еткен. Өз басын ойламай, елге берген антына адал болған. 

Өз кезегінде Мұхтар Сарбаевтың анасы Каримаш, Түркістан облысы ПД-нің басшылығына ізгі тілегін білдірді.

Баламның көзіндей болған сендерге үлкен рақмет. Елеп-ескеріп, ұмытпай келіп отырғандарыңа. Ең бастысы денсаулықтарың мықты болсын. Ел үшін еңбек ете беріңдер. Аман болыңдар, - деп аналық ақ батасын берді. 

Осы орайда қаза тапқан қызметкердің отбасына Сейдуалиев арнайы ат басын бұрып, Тауелсіздік күнімен құттықтап, ата-анасы, жұбайы мен балаларына бағалы сыйлықтарды тарту етіп, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Мұндай іс-шаралар ПД тарапынан үнемі ұйымдастырылып тұрады. Қызмет атқарып жүріп, қаза тапқандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз кейінгі буынға осындай ағаларының батырлық әрекеттерін дәріптеп, насихаттап отырамыз. Сондықтан, ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес!, - деді Полиция полковнигі кездесу барысында. 

Өзгелердің жаңалығы