#АрысБізБіргеміз. Сеулде зардап шеккендерге қолдау көрсету акциясы өтті

27 Маусым 2019, 22:59
1520
Бөлісу:
#АрысБізБіргеміз. Сеулде зардап шеккендерге қолдау көрсету акциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы еліміздің сыртқы саясат ведомствосынан хабарлады.

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен еліміздің азаматтары Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғаның салдарынан зардап шеккен отандастарымызды қолдау мақсатында арнайы флеш-моб ұйымдастырды.

«Оңтүстік Кореядағы Қазақстандық диаспораның өкілдері зардап шеккен Қазақстан азаматтарына қолдау көрсетіп, «Арыспен біргеміз!» «Арысь, мы с вами!» «Еліме амандық, жұртыма тыныштық!» жазулары бар плакаттар, жалаулар мен үндеулер дайындады. Сонымен қатар, Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерімен бірге Арыстағы зардап шеккен отбасылар үшін ерікті түрде ақшалай қаражат жинау ұйымдастырылды.

Аталған акция азаматтардың жағымды көңіл-күйін және олардың төтенше жағдайлар алдындағы ұйымшылдығын көрсетті», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы