Сеулде ҚР Президентінің жолдауына арналған дәріс өтті

15 Сәуір 2022, 18:15
1598
Бөлісу:
Сеулде ҚР Президентінің жолдауына арналған дәріс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Корея Республикасындағы Елшілігінде Елші Бақыт Дүйсенбаевтың Хангук шет тілдер университетінің  студенттеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған дәрісі өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елші жолдауда айтылған елімізді одан әрі қайта құру мен жаңғыртуға бағытталған маңызды саяси реформалар мен бастамалар туралы айтып берді. Атап айтқанда, дәріске қатысушылар президент, парламент, жергілікті өзін-өзі басқару, партиялық, сайлау, сот-құқық қорғау жүйесі сияқты негізгі билік институттары өкілеттіктерінің өзгеруіне қатысты реформалармен танысты.

Сондай-ақ  ол студенттерге екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары туралы айтып берді. Екіжақты ынтымақтастықтың оң серпіні, оның ішінде саяси және экономикалық өзара іс-қимылдың жандануы атап өтілді.

Өз кезегінде Хангук шет тілдер университетінің студенттері жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытты және олардың сәтті жүзеге асырылуына үміт білдірді.

Өзгелердің жаңалығы