Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының негізгі бағыттарымен таныстырды

25 Қазан 2021, 16:50
13099
Бөлісу:
Брекешев «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының негізгі бағыттарымен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы» тақырыбында өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Министрлік «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасын әзірледі.

Ұлттық жоба халық үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі. 

Сонымен қатар ол жобаның негізгі бағыттарын атап өтті.

Құжат төрт негізгі бағыттан тұрады:

I. Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су объектілерінің экожүйелерін сақтау сияқты негізгі экологиялық проблемаларды шешуге ықпал етеді.

II. Екінші бағыт «Үнемді Қазақстан» табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану мақсатын қойып отыр. Бірінші кезекте, бұл су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. 

III. «Табиғат» бағытының мақсаты биоәртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту болып табылады.

IV. Төртінші бағыт - «Экология болашағы», халықтың экобілімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Әрбір бағыт бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаттарымен, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму мақсаттарымен өзара байланыстылығы айқындалған. Мәселен, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты іске асыруды көздейді, - деп атап өтті Серікқали Брекешев. 


 

Өзгелердің жаңалығы