Серік Нөгербеков Nobel Fest-тің ерекшеліктерін атады

19 Қазан 2021, 13:39
1388
Бөлісу:
Серік Нөгербеков  Nobel Fest-тің ерекшеліктерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. G-Global Халықаралық Хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков үшінші рет ұйымдастырылып отырған Nobel Fest-тің ерекшеліктерін айтты.

Жыл сайын Nobel Fest-ке 40 000-нан астам қатысушы, Нобель сыйлығы мен серпіліс сыйлығының 8-10 лауреаты, сондай-ақ әлемге әйгілі бірқатар сарапшылар қатысады.

Іс-шараның басты оқиғасы-Нобель сыйлығы лауреаттарының дәрістері. Жыл сайын 15-тен астам Нобель сыйлығы лауреаты қазақстандық университеттер мен студенттер үшін арнайы дәрістер оқиды.

Қазақстан университеттері үшін Нобель сыйлығы Лауреаттарының дәрістерін өткізу Нобель сыйлығы лауреатының эксклюзивтік дәрісін алудың, атақты лауреатты университеттің лекторы ретінде қосудың және әлемдік рейтингтердегі өз позицияларын нығайтудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.

Бұл фестивальға қатысу – тегін. Кездесуге біздің азаматтардың көптеп қатысқанын қалаймын. Себебі сарапшыларға көкейіңізде жүрген кез келген сұрақты қойып, жауап алуға болады. Онлайн форматта өткізілетін кездесу бес тілде өтеді. Кездесудің негізгі үш студиясы елордамызда және Ташкент, Баку қалаларында орналасқан. Сонымен қатар онлайн конференция еліміздің белгілі жоғары оқу орындарында көрсетіледі, -дейді Серік Нөгербеков.

ногер.jpeg

Әлемге әйгілі ғалымдар мен сарапшылардың пікірінше, Нобель фестивалінің ұзақ мерзімді өткізілуі отандық ғылымның дамуына негізгі ықпал етіп, Қазақстанның жас ғалымдарын жаңа ашылымдар мен өнертабыстарға шабыттандырады.



Өзгелердің жаңалығы