Серік Күдебаев ұсталды деген ақпарат тарап жатыр. Ақпаратты бас прокурор Берік Асылов растады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты 27 сәуірде Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов растады.
Zakon.kz-тің мәліметінше, журналистердің «Серік Құдебаев ұсталып, Қазақстанға жеткізілді ме» деген сұрағына бас прокурор қысқаша «иә» деп жауап берген.
Еске салсақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Серік Күдебаев елден тау арқылы қашып шығуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Еске сала кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталды. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.
10 наурызда Серік Күдебаев ауруханаға түскені, сот отырысы кейінге шегерілгені хабарланды. Кейіннен айыпталушы кезекті сот отырысына келмегендіктен, судья Серік Күдебаевты сотқа мәжбүрлі түрде жеткізу жөнінде қаулы шығарды.
Жақында Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Бұған дейін Бас прокуратура Күдебаевтың Стамбұлға қалай ұшып кеткенін айтып берді.