Серік Күдебаев ауруханаға түсті: Сот отырысы шегерілді

10 Наурыз 2023, 14:38
1068
Бөлісу:
Серік Күдебаев ауруханаға түсті: Сот отырысы шегерілді
Фото: Егемен Қазақстан

Алматы облыстық Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы кейінге шегерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров айыпталушының ауруханаға түсіп қалуына байланысты сот отырысы кейінге қалғанын мәлімдеді.

Бұған дейінгі сот отырысында прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Еске сала кетейік,  Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтар айында басталды.  Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы