Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

4 Мамыр 2021, 19:49
1014
Бөлісу:
Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын, Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 

Мамандығы бойынша біліктілігі — ғалым агроном, мемлекеттік қызмет менеджері, заңгер. Еңбек жолын Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысындағы «Чапаев» асыл тұқымды мал зауытында жұмысшы болып бастаған.  

1986 жылдан 1990 жылға дейін өңірдің комсомол ұйымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 

1990-1997 жылдары — Орал облыстық Қазақстан Жастар одағының хатшысы-идеологиялық бөлімінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан Жастар одағының бірінші хатшысы. 

1997-1998 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде бас инспектор және ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 

2000 жылдан 2001 жылға дейін Қаржы министрлігінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы департаментінің бөлім басшысы болып жұмыс істеген. 

2001-2007 жылдары премьер-министр кеңсесінде түрлі қызметтер атқарған. 

2007-2016 жылдары Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 

2016 жылғы қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды. 

2017 жылғы наурызда — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасының өңірлік даму жөніндегі орынбасары. 

2019 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың ақпан айына дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 

Осы жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы