Сергей Пен: Ұлттық университеттер нарыққа сапалы маман дайындап отырған жоқ

30 Қазан 2020, 18:00
1753
Бөлісу:
Сергей Пен: Ұлттық университеттер нарыққа сапалы маман дайындап отырған жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы «Жұмыс берушілердің оқу орындары түлектеріне көңілі тола ма?» деген тақырыпта ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты ADALBILIM жобалық офисінің алаңындағы тікелей эфирде талқыланды.  

Қазір жоғары оқу орнын тәмамдаған жастар үшін мамандық бойынша жұмысқа тұру қиын. Себебі университет оларға 4 жылдан кейін қажетіне асатын дағдыларды үйретпей, теориямен шектеледі.  Жоғары білім саласының негізгі клиенті — жұмыс беруші болғандықтан олардың талабы да ескерілмей келеді. Қазіргі таңда, жұмыс берушілерді де білім бағдарламаларының өзектілігі мен сапасы алаңдатып отыр. Атамекен ҰҚП-ның соңғы мәліметіне сүйенсек, жалпы алғанда жұмыс берушілердің 68 пайызы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Қазақстанда 60-тан астам ЖОО-да оқыған түлектердің жартысы жұмыссыздар қатарында.

М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің провосты Сергей Пен ұлттық университеттердің контингентіне байланысты жақсы мысал келтірді.  Ол өзі басқарып отырған оқу орнының профессоры, Экономика жоғары мектебінің директоры Сәуле Кемелбаеваның докторлық диссертациясындағы мәліметімен бөлісті. 

Ұлттық университеттер грантқа өте көп студент қабылдайды. Мемлекет әр студенттің оқу ақысын ұлттық университетке төлеп отыр. Демек, ҰБТ-дан жоғары балл алған талапкерлер ақылы бөлімге түскендерге қарағанда әлдеқайда білімді. Ұлттық университеттің статусы бар. Сәуле Кемелбаеваның сараптама қортындысы бойынша, ұлттық оқу орнын бітірген студенттің ақылы бөлімде, жеке меншік университетті тәмамдаған маманнан еш артықшылығы жоқ, кей жағдайда айлықтары төмен болып шыққан. Сонда 4 жыл бойы ол студенттің потенциалы өспеген. Ұлттық университеттер нарыққа сапалы маман дайындап жоқ, - дейді ол.
Өзгелердің жаңалығы