Сергей Морозов UFC турнирінде жеңіске жетті

18 Желтоқсан 2022, 09:45
964
Бөлісу:
Сергей Морозов UFC турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов (18-5) Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 216 турнирінде өнер көрсетті. Бұл туралы BAQ.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Морозов американдық Джорни Ньюсонға қарсы шықты (10-3).

Жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген болатын және төрешілердің бірауыздан шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. 

Осылайша, Сергей Морозов ММА-дағы кәсіби мансабындағы он тоғызыншы жеңісіне қол жеткізсе, ал Джорни Ньюсон төртінші рет жеңіліске ұшырады. Спортшылардың UFC-дегі мансабына келетін болсақ, Морозов үшін бұл үшінші жеңісі (екі жеңіліспен), ал Ньюсон үшінші рет жеңіліске ұшырады. Әзірше оның бір ғана жеңісі бар.

Өзгелердің жаңалығы