Сергей Ершов Сенат жұмысының жаңа сипаты туралы айтып берді

5 Қаңтар 2023, 19:54
851
Бөлісу:
Сергей Ершов Сенат жұмысының жаңа сипаты туралы айтып берді

Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында  жергілікті наубайхананың еңбек ұжымымен, мәслихат депутаттарымен және Осакаров ауданының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол сессия кезіндегі Сенат жұмысының жаңа сипаты және палата қабылдаған заң жобалары туралы жерлестеріне жан-жақты айтып берді.

Сенатор аудан әкімінің алдында өңірдегі әлеуметтік-экономикалық және тұрғын үй-коммуналдық мәселелер тұрғанын және оларды шешудің маңызы туралы айтып өтті. Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуі барысында бюджет қаржысын тиімді игеру мәселесі талқыланды. Мәслихат депутаттары өз кезегінде сенаторға қолданыстағы бюджет заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарын айтты.

Сенатор Қарағанды қаласында орналасқан «Steel Manufacturing ЖШС» патрон зауытында да болды. Ол мұнда патрондарды дайындаудың өндірістік процесімен танысты және кәсіпорын басшылығымен әңгімелесті. Сенатор Палатаның заң шығару қызметі туралы зауыт жұмысшыларына айтып берді және зауыттың толық өндірістік қуатына тезірек жетуге тілектестігін білдірді.

Сенатор ҚР Қорғаныс министрлігінің 50185 әскери бөлімінде де болды. Ол әскери қызметшілерімен кездесті және олардың қару-жарағы мен әскери техникасымен танысты. Сенатор көтерілген барлық мәселелер заң шығару қызметі барысында тиісті мемлекеттік органдарының назарына ұсынылатыны және пысықталатыны туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы