Сербиялық оқушы мектепте оқ жаудырып, күзетшіні мерт қылды

3 Мамыр 2023, 16:03
866
Бөлісу:
Сербиялық оқушы мектепте оқ жаудырып, күзетшіні мерт қылды
Фото: Вечерне новости

Сербияда 7-сынып оқушысы мектепке келіп, оқ жаудырды. Салдарынан күзетші қаза тапты, деп хабарлады BAQ.KZ.

"Вечерние новости" деректеріне сүйенсек, Сербия астанасы Белградта мектепке келген оқушы аяқ астынан оқ жаудыра бастаған. Мектеп мұғалімі мен бірнеше бала жарақаттанды. Мектеп күзетшісі тіл тартпай кеткен. Полиция бұзақыны құрықтады. Белгілі болғандай, жасөспірім мектепке әкесінің мылтығын алып келген екен.

Ол есірткі әсерінен осындай іске барған болуы мүмкін. Жасөспірім үлгілі оқушы болған. Ал ата-анасы медицина қызметкерлері екені анықталды, - деп келтірді басылым.

Бұған дейін оқушы сыныптасының туған күн кешіне барған екен. Алайда ешкім оның тарапынан жағымсыз қылығын байқамаған.

Еске салсақ, осыған ұқсас жағдай Қазан қаласындағы 175-гимназиясында да болды. 2021 жылғы 11 мамырда мектепке оның бұрынғы түлегі болған 19 жастағы Ильназ Галявиев келіп, балалар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Салдарынан 9 адам көз жұмып, 20-дан астам адам ауруханаға түсті. Галявиев тұтқындалды. Оған қатысты РФ ҚК 105-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 2023 жылғы 13 сәуірде өткен сот шешімімен қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.

Өзгелердің жаңалығы